Бұл мәміле банктің халықаралық қарыз нарығына қатысуын кеңейтеді.
ForteBank халықаралық синдикатталған қарыздар нарығына шықты және оның алғашқы қадамы сәтті болды. Банк Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Америкасынан келген 14 халықаралық банктен 200 миллион АҚШ долларын тартты.
Бастапқыда жоспарланған сома бұдан аз болған, алайда инвесторлар тарапынан болған жоғары сұраныс несие көлемін ұлғайтуға себеп болды. Банктің пікірінше, бұл халықаралық кредиторлардың ForteBank-ке, оның қаржылық тұрақтылығына, даму стратегиясына және Қазақстанның макроэкономикалық бағытына деген жоғары сенімін көрсетеді.
Мәміленің ұйымдастырушылары — Commerzbank Aktiengesellschaft (Германия) және MashreqBank psc (БАӘ). Commerzbank Aktiengesellschaft сонымен қатар несие құжаттамасы мен қызмет көрсету агенті ретінде де жұмыс істеді.
ForteBank Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев былай деді: «Алғашқы синдикатталған несиені тарту — ForteBank дамуы жолындағы маңызды кезең және бұл халықаралық қаржы қауымдастығы тарапынан білдірілген сенімнің жоғары екенін көрсетеді. Осы мәміленің арқасында біз Қазақстандағы бизнеске нарықтағы ең тиімді қаржыландыру шарттарын ұсына аламыз. Бұл ForteBank үшін айтарлықтай артықшылық болады және экономиканың нақты секторының дамуына үлкен серпін береді».