Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Гурам Андроникашвили ForteBank Басқарма Төрағасы қызметінен кетеді

Гурам Андроникашвили,

Гурам Андроникашвили 2021 жылғы 1 тамыздан бастап Директорлар кеңесінің мүшесі, мажоритарлық акционердің өкілі лауазымына ауысуына байланысты ForteBank Басқарма Төрағасы қызметінен кетеді. Банктің Басқарма Төрағасының орынбасары Шолпан Нұрымбет уақытша міндетін атқарушы болып тағайындалды деп хабарлады қаржы институтының баспасөз қызметі.

«Гурам Андроникашвилиге атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын. Оның басшылығымен Банк клиенттік базаны ұлғайта және банк өнімдері мен қызметтерінің сапасын жақсарта отырып, жоғары қаржылық көрсеткіштермен тұрақты өсім көрсетті. Корпоративтік мәдениетті цифрландыру және трансформациялау бойынша үлкен қадамдар жасалды. Бұл Forte-нің одан әрі табысты дамуының кепілі болатынына сенімдімін», – деп жаңалыққа Банктің мажоритарлық акциялар пакетінің иесі Болат Өтемұратов түсініктеме берді.

Гурам Андроникашвили ForteBank Басқармасының Төрағасы болып 2018 жылдың ақпан айында тағайындалды. Оның басшылығымен ForteBank-тің қаржылық көрсеткіштері банктің капиталдандыруын үнемі жақсартумен және өтімділігін күшейтумен тұрақты өсімді көрсетті. Осылайша, таза пайда 2,7 есеге, 2017 жылғы 20 млрд. теңгеден 2020 жылы 53 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, капиталдың табыстылығы 2017 жылғы 10,2%-дан 2020 жылы 21,2%-ға дейін өсті.

«Ең алдымен, мен Банк акционері Болат Өтемұратовқа Forte компаниясында жұмыс істеген соңғы 11 жылдағы сенімі, шабыты мен қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен жаңа рөлде – Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде банктің дамуына одан әрі ықпал ете аламын деп үміттенемін. Сондай-ақ, мен барлық әріптестеріме Forte-ні қалыптастыру жолындағы ерекше адалдығы үшін алғыс айтқым келеді. Біз бірге Forte-ні 2010 жылы елдің банк жүйесінде соңғы орында тұрған шағын банктен Қазақстандағы жетекші әмбебап банктердің біріне және дамып келе жатқан экожүйеге сәтті түрлендірдік», – деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

Ол соңғы бірнеше жылда Банк өзінің қаржылық тұрақтылығын AQR бойынша реттеушілік тексеруден сәтті өтіп, пандемия кезеңінде тиімді жұмыс істеп, сол уақытта рекордтық қаржылық және операциялық көрсеткіштерді көрсете отырып дәлелдегенін атап өтті.

Гурам Андроникашвили,

Басқа жаңалықтар: