Инвестор

Болат Өтемұратов

Болат Өтемұратов – Forbes қазақстандық тізіміндегі Қазақстанның табысты кәсіпкерлерінің бірі. Ол «Верный капитал» тобының жобаларының негізгі инвесторы және денсаулық сақтау, білім беру, қаланы жоспарлау және мәдениет саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асырумен айналысатын атаулы қайырымдылық қорының құрылтайшысы болып табылады.

Болат Өтемұратов – Қазақстан теннис федерациясының президенті және Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің мүшесі. 2023 жылдың желтоқсан айында екінші мерзімге ITF вице-президенті болып тағайындалды.

Кәсіби мансабы

Болат Өтемұратов Алматы халық шаруашылығы институтын (Нархоз) «экономика» мамандығы бойынша бітірді. Өзінің кәсіби жолын 1986 жылы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып бастады.  Келесі 10 жыл ішінде Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитетте, Венадағы Қазақ сауда үйінде, содан кейін Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, Өнеркәсіп және сауда министрлігінде жұмыс істеді.

1995 жылы Болат Өтемұратов серіктестерімен бірлесіп Алматы сауда-қаржы банкін (АТФ Банк) құрды, ал 2007 жылға қарай оның жалғыз бақылаушы акционері болды. Осы уақыт ішінде шағын қаржы институтынан АТФ Банк банк нарығы көшбасшыларының біріне айналды. 2007 жылы Болат Өтемұратов миноритарлық акционерлермен бірлесіп АТФ банкін UniCredit итальяндық тобына рекордтық 2,2 миллиард долларға сатты. Сарапшылардың бағалауы бойынша, бұл мәміле сол кездегі ТМД банк секторындағы ең ірі мәміле болды.

1996-1999 жылдар аралығында Болат Өтемұратов Қазақстанның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 1999 жылдың ақпанынан 2013 жылдың мамырына дейін ҚР Президенті Әкімшілігі мен Қауіпсіздік кеңесінде түрлі лауазымдарда болды. Өтемұратовтың мемлекеттік қызметтегі соңғы лауазымы – Президенттің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2007 жылдың шілдесінен 2022 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің мүшесі болды.

Қайырымдылық қызметі

Қазіргі уақытта Болат Өтемұратов қоғамдық және қайырымдылық қызметке біржолата бет бұрды, инвестициялық жобалар орнықты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына негізделген. Болат Өтемұратов қоры іске асырған жобалардың жалпы құны 150 миллион АҚШ долларын құрайды.

Қор «Аутизм. Әлем барлығымыз үшін біреу ғана» көшбасшы жобаны іске асыруға 15 миллион доллар бөлді, ол аутистік спектрдің бұзылуы  (АСБ) бар балаларға  ерте араласу және олардың отбасыларына қолдау  көрсету бағдарламаларын көздейді. Қор Қазақстандағы географиялық тұрғыдан кең қамтылған және әр түрлі қызмет салаларында көптеген жобаларды іске асыратын санаулы ұйымдардың бірі болып табылады. Осы тәсілдің арқасында Қор төтенше жағдайларды қоса алғанда, ең қажет жерде жедел көмек көрсете алады. Жергілікті деңгейде шұғыл көмек көрсетумен қатар, Қор 2023 жылы Түркияға жер сілкінісінің жойқын зардаптарын жеңуге көмектесу үшін 5 миллион доллар бөлді. 2023 жылдың қазан айында Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер отбасыларына 1 миллион доллар бөлінді.

Өңірлік дамуды қолдау мақсатында Қор елдің әр түрлі аймақтарында 100 миллион АҚШ долларынан астам сомаға бірқатар жобалар,а бастамашылық жасады. 2023 жылы қыркүйекте Қосшы қаласында Қор қаражатына салынған жаңа мектеп ашылды. Ол ұлттық «жайлы мектеп» стандартының талаптарына сай келетін алғашқы мектеп болды. Қазіргі кезде Қызылордада жаңа әуежай құрылысы, Қосшыда қоғамдық орталық және Алматы облысында екі мектеп салынуда. 

Болат Өтемұратов Қоры жастарды дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруда. Еліміздің 234 мектебінің бағдарламасына студенттерге сыни ойлау, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамытуға көмектесетін бірегей көшбасшылық бағдарлама енгізілді. Сонымен қатар, тұрақты даму мәдениетін және командалық жұмысты қалыптастыру үшін Қор Алматы мен Астананың 36 мектебінде «Жасыл мектеп» («Зеленая школа») жобасына бастамашы болды. Бағдарлама шеңберінде балалар салауатты өмір салтын ұстану, өсімдіктерді отырғызу және өсіру дағдыларын үйренеді. Бүгінгі таңда екі бағдарламаға барлығы 40 000-нан астам оқушы қатысты.

Болат Өтемұратов екі коммерциялық емес білім беру мекемесіне тікелей қолдау көрсетеді: Қазақстандағы жетекші жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі Нархоз Университеті, сондай-ақ тәуелсіз британдық мектеп білім беру дәстүрлерінде кең бейінді гуманитарлық білім беруді ұсынатын Haileybury қазақстандық халықаралық мектептері. Барлық түскен қаражат тиісінше университет пен мектептерге қайта инвестицияланады және кадрлық әлеуетті дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталады.

2023 жылдың желтоқсанында Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесінің тәуелсіз мүшелері Болат Өтемұратовқа әлеуметтік саладағы көрнекті жобалары үшін «Жыл меценаты» сыйлығын берді.

Қазақстандықтардың спорт болашағына қосқан үлесі

Болат Өтемұратов Қазақстанда теннисті дамытуға, жаттықтырушыларды даярлауға, теннис инфрақұрылымын салуға және жас талантты спортшыларды даярлаудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеуге 150 миллион доллардан астам қаражат бөлді. Бұл тәсіл өте тиімді болды. Ұлттық құрама ойыншыларының– Елена Рыбакина (Wimbledon 2022 жеңімпазы), Александр Бублик (ATP турнирлерінің жеңімпазы), Анна Данилина (US Open 2023 жеңімпазы), Юлия Путинцева (WTA турнирлерінің жеңімпазы), Жібек Құламбаева (ITF турнирлерінің жеңімпазы) және басқаларжың негізгі жетістіктерімен қатар, жасөспірімдер де жетістіктерін көрсетуде. 2022 жылы 14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы әлемде 4-орынға ие болды, ал 2023 жылы қазақстандықтар (ұлдар мен қыздар командалары) алғаш рет жасөспірімдердің «Дэвис Кубогы» мен «illie Jean King Кубогының» финалдық кезеңдеріне шықты, онда ойынды жоғары деңгейде көрсетіп, өздерінің жас санаты бойынша Испания, Италия, Аргентина және Австралияның алғашқы ракеткаларын жеңді.

2020 жылдан бастап Астана ATP 250 сериясының жыл сайынғы турнирлерін өткізеді. 2022 жылы Бейжіңдегі турнирдің тоқтатылуына және Астанада өткен турнир беделінің өте жоғары болуына байланысты Astana Open турнир санаты ATP 500-ге дейін уақытша көтерілді, оған үздік 10-ның 6 ойыншы: Новак Джокович, Карлос Алькарас, Даниил Медведев және Стефанос Циципас қатысты.

АТР-мен келісім бойынша 2024 жылы АТР 250 турнирі алғаш рет Алматыда өтеді.

 

Болат Өтемұратов

Болат Өтемұратов қорының негізін қалаушы
Қазақстан теннис федерациясының президенті, Толығырақ The Marque профилінде