Сарапшылардың бағалауы бойынша, телекоммуникацияның әлемдік нарығы 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға өсіп, 2 713,53 млрд АҚШ долларын құрады. 2025 жылы осы нарықтың жылдық жиынтық өсімі 3 461,03 млрд АҚШ долларына дейін 6%-ды құрайды деп күтілуде.
Бүгінгі таңда мобильді желілер 2011 жылмен салыстырғанда 300 есе көп мобильді трафикті қамтамасыз етеді, ұялы телефондарды он жыл бұрынғыға қарағанда 2 миллиард адамға көп пайдаланады, смартфондар әлемдік мобильді деректер трафигінің шамамен 97% құрайды.
Болжам бойынша, 2027 жылға қарай 5G ұялы байланыс абоненттерінің саны бүкіл әлемде 4,4 млрд адамнан асып, ұялы байланыс абоненттерінің жалпы санының 49%-ын құрайды.
Жаһандық желілік Инвестициялар деректерге өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыру үшін жылына 100 млрд АҚШ долларынан асатын болады және 2025 жылы 1,14 млрд АҚШ доллар (2019: 1,03 млрд АҚШ доллар) жетеді, бұл инвестициялардың шамамен 80%-ы 5G желісіне бағытталуы мүмкін, бұл бүкіл әлемдегі мұнара операторларына тиімді.