Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Нархоз университеті Алматыда жаңа форматта салынған жатақхананы ашты

Оқу жылының қарсаңында Алматыда Нархоз университетінің жаңа Emen Student Housing жатақханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Emen» студенттер үйі рекордтық мерзімде – бір жылдан аз уақыт ішінде –субсидия алмай немесе серіктестерді тартпай,акционердің өз қаражаты есебіненсалынды. Бұл – жалпы ауданы 8700 м² болатын үш, бес және жеті қабатты ғимараттар кешені. Мұнда тұру үшін панорамалық терезелері, жиһазы, техникасы, климаттық бақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері, бөлек санитарлық тораптары мен душы бар үш орындық бөлмелерде 424 орын қарастырылған. Бөлмеге сандық код құлыптары немесе саусақ іздерін сканерлеу арқылы кіруге болады. Ерекше мұқтаждықтары бар студенттердің тұруы үшін бейімделген бөлмелер қарастырылған.

Басқа жаңалықтар: