Нарықты зерттеу

Басты бет – Нарықты зерттеу

Натрий цианидіне əлемдік сұраныс пен ұсыныстың серпіні

Натрий цианидіне әлемдік сұраныс, мың метрикалық тонна
Натрий цианидінің әлемдік ұсынысы, мың метрикалық тонна

Натрий цианидінің əлемдік нарығының көлемі жылына 6,4% орташа жылдық өсу қарқынымен өсіп, 2028 жылға қарай 2 112 млн АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Азия-Тынық мұхиты аймағы натрий цианидінің əлемдік нарығында басым, бұл алтын өндіру жəне химия өнеркəсібінің жоғары сұранысына байланысты. Австралия Азия-Тынық мұхиты аймағындағы алтынның екінші ірі өндірушісі жəне əлемдегі үшінші ірі өндіруші болып табылады, ол кеңейту жоспарларына байланысты жақын арада алтын өндірісі бойынша Қытайды басып озады деп күтілуде. Индонезияда пайдалы қазбалардың үлкен қоры бар (алтын өндіру бойынша əлемде 9-орын), үкімет ішкі жəне шетелдік инвесторлар үшін тартымды инвестициялық мүмкіндіктерді ұсынады.

Натрий цианидінің əлемдік нарығы шоғырландырылған: 10 жетекші ойыншыға өндірістік қуаттардың əлемдік нарықтық үлесінің 60%-дан астамы тиесілі.

Əлемдік нарықтардағы натрий цианидінің бағасы бастапқы материалдар мен көлік шығындарының өсуіне байланысты 25-30%-ға өсті.

Натрий цианидіне әлемдік сұраныс, мың метрикалық тонна
Натрий цианидінің әлемдік ұсынысы, мың метрикалық тонна