Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Нед Капелерис The Ritz-Carlton, Vienna бас менеджері болып тағайындалды

2024 жылғы 4 маусым – Нед Капелерис «Верный Капитал» компаниялар тобының құрамына кіретін The Ritz-Carlton, Vienna бас менеджері болып тағайындалды. 2023 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін ол Aстанадағы (Қазақстан) The Ritz-Carlton қонақүйінің уақытша бас менеджері қызметін атқарды, ал 2024 жылдың қаңтарынан бастап The Ritz Carlton, Rabat Dar Es Salam (Марокко) уақытша бас менеджері қызметін атқарды.

Нед Австралиядағы Ryde College of TAFE түлегі, оны «қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша бітірген. Ол өзінің қонақүй бизнесіндегі мансабын 1997 жылы Халықаралық қонақ үй желісінің австралиядағы қонақ үйінде әкімші ретінде бастады. Таяу Шығыс пен Еуропа елдерінде, соның ішінде Дохада (Катар), Мәскеуде (Ресей), Дубайда және Абу-Дабиде (БАӘ), сондай-ақ Герцлиеде (Израиль) The Ritz-Carlton желісінің жаңа қонақүйлерін ашуда үлкен тәжірибесі бар.

2022 жылдың қараша айынан бастап Нед Капелерис «Honor Les Clefs d ‘Or International» халықаралық қауымдастығының мүшесі.

Басқа жаңалықтар: