Жобаны «Верный Капитал» компаниялар тобының қолдауымен «Болат Өтемұратов» қоры іске асырды, ол қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосылған елеулі үлес болды.
Ақмола облысының Қосшы қаласында халықаралық стандарттар бойынша салынған ауқымды қоғамдық мәдени-спорт кешені – Қазақстандағы алғашқы көпфункционалды комьюнити орталық ашылды.
Орталықтың жалпы ауданы – 8,5 мың шаршы метр, бір уақытта ол 1000 адамға дейін қабылдай алады. Құны 20 миллион доллар тұратын жоба қаланың балансына өтеусіз берілді.
«Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қосшыда әлеуметтік нысандарды белсёді салу және жаңғырту жалғасуда. Бүгін біз Болат Өтемұратов қоры құрған еліміздегі алгғашқы көп функционалды кешеннің ашылуына куә болдық. Мұнда халық үшін – сондай-ақ балалар үшін де, ересектер үшін де барлық заманауи жағдайлар қамтамасыз етілген», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Орталық спорттық, білім беру және демалыс кеңістігін біріктірді. Мұнда 233 орындық кинозал, 328 адамға арналған дәріс залы, көрме және конференц-залдар, студиялар, коворкинг және оқу залы бар кітапхана, трибуналары бар үлкен көпфункционалды спорт залы бар.
«Көптеген жылдар бойында біз мемлекеттің әрбір қазақстандық үшін қолжетімді жайлы әрі заманауи инфрақұрылымды құруына көмектесіп келеміз. Бұл жобада біз орталықтың әрбір қонағы Қосшыда өмір сүру сапасын арттыра отырып, өз әлеуетін іске асыра алатындай үздік әлемдік тәжірибелерді ескердікә, – деп түсіндірді Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов.