Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

RG Gold компаниясы Ақмола облысына миллиард теңге бөлді

RG Gold компаниясы Ақмола облысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету үшін 1 млрд теңге бөлді. Бұл қаражат инфрақұрылымды қалпына келтіруге және үйлері мен мүлкінен айырылған отбасыларға қаржылық қолдау көрсетуге жұмсалады.

«Біз Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдайларға және қоғамның алдында тұрған сын-қатерлерге қатты алаңдаймыз. Дәл осы қазіргі кезде мемлекеттің Қазақстанның жағдайына, орын алып отырған жайттарға бей-жай қарамайтын бизнестегі азаматтарымен бірлесіп жұмыс істеуі бұрынғыдан да маңызды, олар апаттың салдарын тезірек жою және зардап шеккендерді қалыпты өмірге қайтару үшін бар күш-жігерін салады. Осынау қиын-қыстау кезеңде біз кәсіпорнымыз орналасқан және қызметкерлеріміздің отбасылары мен жақындары тұратын Ақмола облысының тұрғындарына қолдау көрсеткіміз келеді», – деді RG Gold бас директоры Лоуренс Россоу.

Россоудың айтуынша, RG Gold жыл сайын Ақмола облысына әлеуметтік-экономикалық жобаларды (инфрақұрылым нысандарын абаттандыру, жолдар мен ауыл мектептерін жөндеу, ұялы байланыстың базалық станциясын салу, жыл сайын білім беру гранттарын бөлу) іске асыруға 100 млн теңге бөледі.

RG Gold Болат Өтемұратов пен Resource Capital Funds тау-кен өнеркәсібіндегі американдық жеке тікелей инвестициялар қорының иелігінде. Бұған дейін Болат Өтемұратов Ақтөбе облысындағы су тасқынының салдарын жоюға 10 млрд теңге бөлгенін естеріңізге сала кетейік. Өңірге Алидар Өтемұратовтан тағы 500 млн теңге келді. Өтемұратовтың компаниялар тобы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен халыққа алғашқы күндерден бастап көмек көрсетуге белсенді түрде қосылды – 680 млн теңге «Демеу Қазақстан қорына» жіберілді, зардап шеккендерге қаражат жинау шарасы іске асырылып, су басқан аймақтардағы қызметкерлерге материалдық көмек көрсетілді, ForteBank-тің қарыздары бойынша төлемдер кейінге шегерілді және Beeline Kazakhstan су басқан елді мекендердегі 40 мыңнан астам абонентті тегін дауыстық байланыс және интернетпен қамтамасыз етті. 

2022 жылдан бері Өтемұратов қорының компаниялар тобы 133 млрд теңге сомаға әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асырды.

Басқа жаңалықтар: