Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

RG Gold компаниясы еңбекақы төлеу қорын 25% – ға ұлғайтады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап RG Gold компаниясы қызметкерлерінің жалақысы өседі. Еңбекақы төлеудің жалпы қоры 25% – ға артады. Өзгерістер, ең алдымен, компанияның негізгі өндірістік бөлімшелерінің жұмысшыларына әсер етеді.

«RG Gold компаниясында қызметкерлерді ынталандыру жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істеуде, қызметкерлердің еңбегін мойындау бағдарламасы бар. Компанияның жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуіне және қызметкерлердің жеке еңбегіне байланысты қызметкерлердің жалақысын жыл сайынғы негізде қайта қарау жүргізіледі», – дейді RG Gold компаниясының бас директоры Лоуренс Россоу.

«2021 жылдың соңында біз Қазақстанның тау-кен саласындағы жұмысшы және инженерлік-техникалық персоналдың жалақы нарығына талдау жүргіздік. Нәтижелер негізінде басшылық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жалақысын 7% – дан 25% – ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады. Жалақы деңгейі өткен жылдың қорытындысы бойынша нарықтық мәннен төмен болған жұмысшы кәсіптері қызметкерлерінің арасында үлкен өсім болғанын атап өткім келеді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін RG Gold Ақмола облысындағы тау-кен металлургия кешенінің құрылысы акционерлер қаражатына, сондай-ақ 300 млн АҚШ доллары көлемінде тартылған қарыз қаражатына басталғаны туралы хабарлаған болатын. Құрылысын 2022 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтау жоспарланған жаңа фабриканың қуаттылығы жылына 5 млн тонна бастапқы кенді құрайды. 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Басқа жаңалықтар: