Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

RG Gold «Парыз» байқауының қола жүлдегері атанды

Астанада бизнес әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық «Парыз» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ең әлеуметтік жауапты компаниялар атағы үшін 492 ұйым, оның ішінде 161 ірі кәсіпкерлік субъектісі сайысты. RG Gold «Ең үздік корпоративтік келісім» номинациясы бойынша құрметті сыйлықтың қола жүлдесіне ие болды.

Байқау жеңімпаздарына тиісті дипломдар мен арнайы белгілер (мүсіншелер) табысталды. Сондай-ақ, лауреаттар аталған атақты алғаннан кейінгі үш жыл ішінде байқау эмблемасын жарнама мақсатында пайдалану құқығына ие.

Бүгінде Қазақстандағы алтын қоры жағынан үшінші орында тұрған RG Gold компаниясында 1150 адам жұмыс істейді. Компанияның кадр саясаты әрбір қызметкердің мүдделерін және қажеттіліктерін ескереді және қызметкерлерді жан-жақты дамыту, тиімді мотивация жүйесін құру және жұмысқа қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Компанияның корпоративтік келісім шарты материалдық және бейматериалдық сыйақы, медициналық сақтандыру, қызметкерлерді оқыту және дамыту, көлікпен, жұмыс уақытында тамақпен қамтамасыз ету және қызметкерлерге кез келген өмірлік жағдайда қолдау көрсетуді қарастырады.

Басқа жаңалықтар: