Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Rixos Borovoe отелі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші Пленарлық отырысына қатысушыларды қабылдайды

Бүгін, 2014 жылғы 12 тамызда, Rixos Borovoe 5* отелінде Елбасы Н.А. Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) Қазақстан Республикасының екінші индустриялық-инновациялық бесжылдығын іске асыруға шетелдік инвесторлардың қатысуы мәселелеріне арналған 27-ші Пленарлық отырысы өтеді.

Rixos Borovoe 5* отелі мұнша өкілді форумды алғаш рет қабылдап, ШИК отырысына қатысушылардың жұмысы үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуде. Отель іс-шараны дайындауға және өткізуге қатысатын жалпы саны 300 шақты адамды орналастырды.

Сонымен қатар, отельде Елбасының Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Италияның Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесуі өтеді.

Rixos Borovoe 5* отелі Астананың халықаралық аэропортынан 287 километрде, Шортанды көлінің тура жағасында орналасқан. Бұл Бурабай курорттық аймағында тұңғыш және әзірше жалғыз бес жұлдызды отель. Жобаның негізгі инвесторы – «Верный Капитал» инвестициялық тобы, отельдің операторы түріктің белгілі Rixos қонақүйлік компаниясы болып табылады. Отельдің дизайнын бүкіл дүние жүзі бойынша ең жоғарғы кластың отельдері үшін интерьерлер жасауға маманданатын немістің белгілі Peter Silling & Associates компаниясы әзірлеген.

Отель Шортанды көліндегі болашақ жаңа туристік сауық кешенінің бір бөлігі болып табылады және «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамытудың шеңберінде тұрғызылған. Rixos Borovoe 5* отелі Қазақстанның Мемлекеттік үдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен көзделген туризмді дамыту бойынша жобалардың қатарына кіреді.

 

Анықтама ретінде:

Шетелдік инвесторлар кеңесі (ШИК) Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен жұмыс істейтін мәжілістік-консультациялық орган болып табылады. Кеңес 1998 жылы ҚР Үкіметі мен шетелдік инвесторлардың арасында олардың елдегі инвестициялық қызметіне қатысты түйінді мәселелерді тиімді шешу және Республикадағы инвестициялық климатты жақсарту үшін тікелей диалогты қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Кеңестің негізгі міндеттері елдің инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының негізгі аспектілері бойынша Президенттің және Қазақстан Үкіметінің қарастыруына ұсыныстамалар мен ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Кеңестің құрамына 35 шетелдік компания мен халықаралық ұйымдардың басшылары кіреді.

 

Басқа жаңалықтар: