Ол Бекжан Пірматовтың орнына келді
«ForteBank» АҚ Директорлар кеңесі бүгінгі отырыста Банк Басқармасының төрағасы Бекжан Пірматовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды. «ForteBank» АҚ Басқармасының жаңа төрағасы болып бұған дейін Банктің Директорлар кеңесінің құрамына кірген Талғат Қуанышев тағайындалды. Бекжан Пірматов «Верный Капитал» компаниялар тобының құрамына басқа жұмысқа ауысады.
Талғат Қуанышевтің Қазақстанның қаржы секторында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол «АТФБанк» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «АТФ Лизинг» АҚ және «ForteBank» АҚ сияқты қаржы институттарын табысты басқарған.