Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

The Ritz-Carlton Residences, Astana қайтадан Жылдың үздік резиденциялары – Residential Awards of Excellence сыйлығының иегері атанды!

The Ritz-Carlton Residences, Astana резиденциялары 2022 Residential Awards of Excellence жыл сайынғы корпоративішілік сыйлығының иегері атанды Рәсім АҚШ-та, Мэриленд штатында 2023 жылдың 20 сәуірінде өтті және The Ritz-Carlton стандарттарына сәйкес келетін ең жақсы тәжірибелерді анықтау мақсатында бүкіл әлем бойынша аты аңызға айналған брендтің 167 резиденциясын біріктірді.

Айта кетейік, Астанадағы резиденциялар төртінші жыл қатарынан осы беделді марапатқа ие болды.

The Ritz-Carlton Residences, Astana – меншік иесі жеке меншікке сатып алатын, инвестициялық әлеуеті бар эксклюзивті жылжымайтын мүлік. Резиденциялар бірінші жоғары дәрежелі қызмет көрсету және инновация стандартын белгілейді, иелері мен олардың қонақтары үшін ең үздік жеке қызметті қамтамасыз етеді.

Құпиялылықтың жоғары деңгейі, аты аңызға айналған The Ritz-Carlton сервисі, керемет атмосфера ерекше әсер қалдыратын және әр күнді бірегей ететін әлем құрады. Бүгінгі таңда The Ritz-Carlton брендінің резиденциялары Америка Құрама Штаттарында, Таяу Шығыста және Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан. Астана мен Алматыдағы резиденциялар – The Ritz-Carlton отбасында Еуропа мен ТМД аумағында орналасқан жалғыз резиденция.

Басқа жаңалықтар: