Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Тимур Исатаев ForteBank Директорлар кеңесін басқарды

2024 жылғы 3 сәуірде Астанада ForteBank акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, ол Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістерді қолдап дауыс берді.

Жиналыс қорытындысы бойынша банктің Директорлар кеңесінің мүшелері, мажоритарлық акционер Болат Өтемұратовтың мүдделерін білдіретін өкілдер – Ерлан Оспанов пен Марлен Мирзабековтің, сондай-ақ Директорлар кеңесінің төрағасының, банктің тәуелсіз директоры Елдар Әбдіразақовтың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Болат Өтемұратов Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшелеріне банктің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ол банк стратегиясын іске асырудағы елеулі ілгерілеуді, сондай-ақ Елдар Әбдіразақов төрағалық еткен кезеңде қол жеткізілген Қазақстанның қаржы секторында банк позициясының нығаюын атап өтті.

ForteBank Директорлар кеңесінің жаңа құрамына бес адам – акционердің екі өкілі және үш тәуелсіз директор кірді:

Тимур Исатаев – Директорлар кеңесінің төрағасы, акционер мүдделерінің өкілі;

Әнуар Өтемұратов – Директорлар кеңесінің мүшесі, акционер мүдделерінің өкілі;

Талғат Қуанышев– Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Федор Попандопуло – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Ерлан Тұяқбаев – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Федор Попандопуло мен Ерлан Тұяқбаевтың Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өкілеттігі бүкіл Директорлар кеңесі өкілеттігінің аяқталуымен бір мезгілде – 2025 жылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізу сәтінде аяқталады.

Басқа жаңалықтар: