Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

«Верный Капитал» Қазақстандағы алтын кен орындарын сатып алу бойынша мәміле жасады.

«Верный Капитал» инвестициялық компаниясы «Казцинк» ЖШС-мен бірлесіп «Орион Минералс»  компаниясының Ақмола облысында орналасқан Райгородок, Қостанай облысында орналасқан Комаровское кен орындарында алтын кен орындарында жер қойнауын пайдалануға берілетін құқықтарды сатып алғандығы туралы хабарлайды.

Сатып алу сомасы шамамен 30 млрд. теңгені құрайды. Серіктестер арасындағы үлес былай бөлінді: «Верный Капитал» – 10,5%, «Казцинк» ЖШС – 89,5%. Мәміле «Орион Минералс»ЖШС иесі CAMMEX компаниясымен жасалған. Қазіргі сәтте мемлекеттік реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттары алынды, осылайша, мәміле жабылуға толықтай дайын.  

Кен орындарының бірлескен қорлары шамамен 70 тоннаға бағаланады, болашақтағы қосымша геологтық барлау жұмыстарын өткізгеннен кейін жаңа геологиялық қорларды анықтау әлеуеті болады. Жаңа иеленушілер кен орындарын одан әрі өнеркәсіптік дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті. Атап айтқанда, Комаровское кен орнында қайта өңдеу кешенінің құрылысымен бірге сол жерде алғашқы кенді қайта өңдеу нұсқалары зерделенеді, Райгородок кен орнындағы бастапқы басымдық ағымдағы өндірістік қуаттарды кеңейтумен бірге кен орнын қосымша өңдеу болады. 

«Верный Капитал» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев былай түсіндіреді: «Верный Капитал» әр түрлі салаларда сәтті инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда терең сараптауға және Васильковское ТБК-ны және «Казцинкты» дамытудың бес жылдық тәжірибесіне ие. Біздің компания кәсіпорынның өзінікі сияқты, кен орындарының да қажеттіліктерін түсінеді. «Казцинк» белсенді түрде дамуда, кәсіпорынның өзінің ресурстық базасын кеңейтуі қажет. Екінші жағынан, кен орындарын дамыту үшін инвесторлар мен тұрақты кен әзірлеушілер қажет. Осылайша, бұл өзара тиімді мәміле».

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов былай атап өтті: «Біз мәміленің кәсіби жаңартушысы рөлінде шықтық: біз бизнес-мүмкіндіктерін көре білдік, әлеуетті түрде мүдделі нарыққа қатысушыларды бір-біріне көздестірдік және мәміленің өзара тиімді жағдайларда жасалуын қамтамасыз еттік. Біздің компания осы мәмілені ұйымдастырды, құрылымдады және толық дайындап өткізді. Біз ресурстық базаны нығайтуға және өзінің алтын өндіруші бөлімшесі – «Altyntau Resources» АҚ кенмен қамтамасыз етуге мүдделі «Казцинк» компаниясын тарттық».

Басқа жаңалықтар: