Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Верный Капитал Burger King Kazakhstan сатылғанын хабарлады

«Верный Капитал» компаниялар тобы 2012 жылдан бері өзінің серіктесі Әнуар Өтемұратовпен бірлесіп иелік еткен Burger King Kazakhstan эксклюзивті франшизасының сатылғаны туралы хабарлайды.

Burger King Kazakhstan компаниясын құрған және белсенді өсу кезеңінде бас директор қызметін атқарған Әнуар Өтемұратовтың басқаруымен жоба айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. 12 жыл ішінде Қазақстанның 14 қаласында 55 мейрамхана ашылды. Осы кезеңде компания айналым мен кірісті ұлғайту арқылы таңғаларлық қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді, бұл ел экономикасына айтарлықтай үлес қосты. Салық түрінде бюджетке шамамен 7,5 миллиард теңге аударылып, 1100-ден астам жұмыс орны құрылды. Компания үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес қызметкерлерді оқыту мен дамытуға белсенді инвестиция салды.

«Верный Капитал» компаниялар тобымен және серіктестерімізбен бірлесіп жұмыс істеудің арқасында біз елімізде табысты және тұрақты жұмыс істейтін мейрамханалар желісін құрдық. Біз қол жеткізілген нәтижелерді мақтан тұтамыз және жаңа иелері – біздің өңірдегі түрлі жобаларға табысты инвестиция салатын Holten Group компаниясының басшылығымен франшизаның одан әрі белсенді дамитынына сенімдіміз», — деп атап өтті Әнуар Өтемұратов.

Burger King Kazakhstan франшизасын Hotel Group компаниясы сатып алды. Holten Group -Орталық Азия нарықтарындағы қарқынды дамып келе жатқан компанияларға инвестиция салуға және басқаруға маманданған әртараптандырылған инвестициялық топ.

Басқа жаңалықтар: