Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

«Верный капитал» мен Болат Өтемұратов қоры Есік оқушыларына заманауи мектеп сыйға тартты: алғашқы салтанатты жиын өтті

Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектеп оқушыларын құшақ жая қарсы алды, білім ошағында интерактив сыныптар мен қолайлы жағдай жасалған.

Алматы облысындағы Есік қаласында қазақ тілді жаңа мектеп ашылды. Жаңа мектептің мақсаты – оқушыларға қолайлы жағдайда білім алуды қамтамасыз ету. Бұған дейін жергілікті мектептерде оқушы лықа толы болып, балалар мектепке автобус арқылы алыстан қатынауға мәжбүр болды.

Ашылу салтанатына ForteBank, Болат Өтемұратов қоры мен «Верный Капитал» компаниялар тобының өкілдері, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты. Сонымен қатар, алғашқы салтанатты жиынға 139 бірінші сынып оқушысы мен 30 болашақ түлек қатысты.

Басқа жаңалықтар: