Мен жасыл құрылыс тақырыбына арналған Еуропа бойынша өзімнің апталық турнемді (өзімнің еңбек демалысымды) аяқтаймын. Бұл тақырыппен мен едәуір көп уақыттан бері, шамамен 15 жылдай әуестенетініміне қарамастан, осы сапардан көп нәрсені білдім. Жеке инвестициялар мен стратегиялық менеджмент бойынша тәжірибе салыстыру жасауға және белгілі бір қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді.
Креативті экономикамен (театрлар, бейнелеу өнемі, кино, музыка) қатар, жасыл құрылыс – Еуропада орасан зор сала. Бұл жолы мен оның масштабтарын сезіндім. Және әңгіме күн панельдері мен жел диірмендері жайында емес, ағаштар туралы болмақ.
Баршасы, қатардағы азаматтардан бастап, ірі бизнесмендер мен мемлекет қайраткерлеріне дейін, қалалық және ауылдық аумақтарды көгалдандырудың нақты пайдасын өте айқын ұғады. Бұл, біріншіден (бірақ әркімнің артықшылықтары әр түрлі) экология, ал екіншіден, коммерциялық тұрғыдан пайдалы. Экология жайында айтудың қажеті жоқ, мұнда онсыз да бәрі түсінікті. Бірақ мұны барлығы да ұғына бермейді. Коммерциялық пайда кез келген жылжымайтын мүлік пен аумақтың (жекешеден қоғамдыққа дейін) құнының барлық тұрғыдан (ақшалай және бейматериалдық) ұлғаюын білдіреді. Орман мен даладағы үйдің бағасы елеулі өзгешеденуі мүмкін. Адамдар ашық далада аптап күннің астында емес, үлкен ағаштар өсетін паркте қыдырғанды қалайды.
Мен әуелі Еуропаның жасыл қалалары – табиғаттың сыйы деп ойладым. Бір жағынан солай да. Басқа жағынан – бұл осы құдай берген байлықты сақтау үшін орасан күш салудың нәтижесі.
Өсімдік тәлімбақтарының 99.9% дерлігі – Еуропадағы отбасы бизнестері. Мен неге олай екенін түсінуге тырыстым. Оның себебі, тек қожайындардың жеке операциялық басқаруы бұл істі жақсы күйде ұстауға мүмкіндік береді.
Жылына 250 миллионға жуық өсімдік өсіретін бір голландиялық компанияға келдім. Бізбен жасы 65 шамасындағы ер адам сөйлесті. Оның үлкен қолына қараймын. Қолының саусақтарына қара топырақтың және субстраттың кірі сіңген. Ұзақ әңгімелескеннен кейін былай деп сұрадым:
– Сіз осы бөлімге жетекшілік етесіз бе?
– Мен қожайынмын, директормын әрі жұмысшымын.
Корпоративтік басқару, франшиза мен лицензия бұл бизнесте мүлдем жұмыс істемейді. Бұған менің көзім жетті. Әрі егер бұл бизнестің бір ғана мақсаты ақша болса, онда бизнес жүрмейді. Онымен қатты ауыру керек. Мен көзіммен көрген барлық тәлімбақтар – үшінші-төртінші буындағы отбасылық бизнестер, 50 жылдан 150 жылға дейін!!! Оңтайландырудың жақтастарына бұл тақырыпқа ойланудың да қажеті жоқ. Кока-коланы рецепт бойынша құюға болады. Эдит көгілдір шыршасын нұсқаулық бойынша өсіру мүмкін емес.
Мен алдында айтып кеткендей, Еуропаның жасыл саласы орасан зор. Сондықтан онда мамандану қалыптасқан. Біреулер біржылдық көшеттерді отырғызады, ал енді біреулері – 50 жылдық ағаштар өсіреді. Біздің еліміз байтақ. Өкінішке қарай, біз құрлықтың тереңінде орналасқанбыз. Бұл климатқа өз әсерін тигізеді. Иә, Алматыда жылырақ, Астанада суығырақ, бірақ ауа бар жерде құрғақ. Негізгі проблема осы. Бізді құтқаратын ормандар. Өзендерді кері бұру туралы жақын алдағы 200-300 жылға ұмытуға болады.
Елімізде құрылыс саласы ілгері-кемді қалыптасқан. Енді жасыл саланы қалыптастыратын кез келді деп санаймыз. Үйлер, тұрғын үй кешендері, қала маңы мекендері тас джунгли болмауға тиіс, бірақ гүлдеген бақтарға орануға тиіс. 50 қабатты екі жылда тұрғызуға болады. Биіктігі бес метр ағаш 10-20 жыл өседі. Және сіз өсуін тездету үшін ештеңе де істей алмайсыз. Сеніңіз, жарнамаланатын стимуляторлардың барлығы – бос сөз. Табиғатты алдай алмайсы.
Ағаштар мен бұталар өзінен өзі өспейді. Оларды отырғызу және бастапқыда күту керек. Бір қарағанда, ол өте оңай секілді көрінеді. Бірақ ТК де бізде әр түрлі, біз оларды ажырата аламыз. Құрылыс салушыларды таңдаймыз, жоспарламаларды қараймыз. Түсінікті болуы үшін, ағаштармен солай болады, тіпті қиынырақ та. Кез келген құрылыс сметасында «Абаттандыру» позициясы – өгей ұлдар мен өгей қыздар, қараусыз қалған және жетім балалар, тізімдегі ең соңғылары.
Тіпті ең зәулім бәйтерек өзінің ғұмырын кішкене шыбықтан немесе тұқымнан бастайды. Сондықтан өз балаларымызға және олардың ұрпақтарына не қалдыратынымызды ойлау керек.