Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

31 арна ребрендинг жүргізді: логотип, эфирлік безендіру және хабар тарату тұжырымдамасы өзгерді

31 арна логотипіне, эфирлік безендіруге, хабар тарату торына және арна тұжырымдамасына өзгерістер енгізе отырып, ауқымды ребрендинг жүргізді. Информбюро бағдарламасыны да жаңарды.

Жаңа фирмалық стиль брендтің негізгі артықшылықтарын атап, эмоционалдық құрамдас бөлігін күшейтуге бағытталған дейді дизайн авторлары. Көп жылдық тарихы бар қазақстандық телеарнаның визуалды безендірмесі заманауи, ықшамды, жарқын етіліп түрлендірілгенімен, әлі де көзге таныс күйінде қалды.

«31» цифрларынан тұратын дөңгелек қызғылт сары логотипі жарқындау және айқынырақ етілді. Арна әдеттегі қызғылт сары түсті күшейту арқылы жаңа түске боялды. Жаңа дизайнмен Брендтерді басқару жөніндегі директор Кира Ласкаридің басшылығымен, ресейлік СТС-медиа дизайн-бюросының мамандары жұмыс істеді.

Бұл жолы музыкалық құрамға да ерекше көңіл бөлінді. Арнаның ресми музыкасы ретінде біртуар қазақ композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» композициясы таңдалды.

«Биылғы жылы «31 арнасы» ашылғанына 27 жыл толады – бұл еліміздің теледидар тарихындағы тұтас бір кезең, – деп атап өтті «31 арнаның» бас директорының м.а. Екатерина Кочева. – Біз сәуір айына келіп түсетін арнаның туған күнін күтпей-ақ, шығыс дәстүріне сүйене отырып, өзгерістерді көктемнің алғашқы айы – жаңаруға толы Наурыз айында бастауды шештік. Біз жаңа бояуларды тек эфирімізге ғана емес, сондай-ақ біздің құрметті телекөрермендеріміздің өміріне де әкелеміз деген үміттеміз».

https://informburo.kz/novosti/31-kanal-provyol-rebrending-izmenilsya-logotip-efirnoe-oformlenie-i-koncepciya-veshchaniya.html?fbclid=IwAR0ADtwsY19JLJs81vNhRjii_nk1h9FadXoz8AtnHw_RlbEA7VuTnrCxjaM

Басқа жаңалықтар: