Кар-Тел ЖШС «Zhyly Zhurek Foundation» қайырымдылық қорына 1 млрд теңге аударады. Қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге – тұрғын үйді қалпына келтіруге және сатып алуға, инфрақұрылым мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеуге, Ақтөбе облысында қажетті тауарларды сатып алуға көмек көрсетуге арналған.
«Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап, эвакуация жарияланған аймақтарда біз клиенттерімізді тегін байланыспен және интернетпен қамтамасыз етіп жатырмыз, сондай-ақ су тасқынына қарамастан желінің жұмысын қолдау үшін барлық шараны атқарамыз. Қайырымдылық көмек көрсету арқылы біз қиын жағдайға тап болғандарды қолдай алатынымызға сенеміз», – деп атап өтті компанияда
Бұл – Болат Өтемұратовтың «Верный Капитал» тобына кіретін компаниядан Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге арналған кезекті қайырымдылық жарнасы. Бұған дейін Болат Өтемұратов өңірге 10 млрд теңге бөлген. Алидар Өтемұратов тағы 500 миллион теңге бөлді. RG Gold Ақмола облысына 1 млрд теңге қайырымдылық жарнасымен көмектесті. Су тасқынының алғашқы күндерінде Болат Өтемұратов қоры су басқан аймақтардан эвакуацияланғандарға шұғыл көмек көрсету үшін 680 миллион теңге аударды.
Соңғы екі жылда Өтемұратов тобының компаниялары барлығы 133 млрд теңгеге әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық жобаларын іске асырды.
Біз туралы
Menu
Menu
Қоржын
Menu
Menu
Бізбен байланысу:
Телефон: +7 (7172) 73-50-50
Факс: +7 (7172) 73-50-51
Email: info@vernycapital.com
Достық көшесі, 16, Talan Towers, 010000, Астана қ.,
ҚР
© Верный Капитал 2024,
Барлық құқықтар қорғалған
Барлық құқықтар қорғалған