Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

«Біз стратегияны мерзімінен бұрын орындадық». ForteBank бұрын-соңды болмаған өсу қарқыны туралы хабарлады

Қазақстандық ForteBank бұрын-соңды болмаған өсу қарқынын көрсетуде, деп мәлімдеді Forte Басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Бұған дейін банк оның бүкіл өмірінде рекордтық болған 2022 жылғы көрсеткіштер туралы есеп берді. 2023 жылғы бірінші тоқсанда көрсеткіштер өсімін жалғастырды.

Егер 2022 жылғы 31 наурыздағы көрсеткіштермен салыстырсақ, онда банк активтері 8,7%-ға, кредиттік портфель 36,2%-ға, клиенттер депозиттерінің көлемі 5,8%-ға ұлғайды.

«Біз көптеген мақсаттар бойынша банктің 2020-2024 жылдарға арналған даму стратегиясын мерзімінен бұрын орындадық, ал өзгерген нарықтық жағдайды ескере отырып, ол жаңартуды талап етті. Осыған байланысты жаңа стратегияның негізгі мақсаты – екінші деңгейдегі мемлекеттік банктерді есептемегенде активтер мөлшері бойынша еліміздегі үздік үш банктің қатарына кіру», – деп атап өтті Бекжан Пірматов.

Басқарма төрағасы банктің стратегиясын жаңарту бойынша жұмыста бірқатар басым бағыттарды белгіледі:

  • бөлшек, ШОБ, корпоративтік бизнес, Premier (дербес банкинг) қоса алғанда, барлық клиенттік сегменттердегі позицияларды күшейту;
  • бөлшек сегмент үшін өнімдер мен қызметтерді цифрландыруды тереңдету, өзінің де, серіктестерінің де сервистері ұсынылатын ашық экожүйені дамыту;
  • ШОБ және корпоративтік сегмент үшін онлайн-банкингтің функционалдығы мен ыңғайлылығын кеңейту: ForteBusiness қосымшасы қазірдің өзінде нарық көшбасшыларының бірі болып табылады, бірақ банк онымен қаржылық өнімдерді қаржылық емес қызметтермен біріктіретін қызметтердің кең спектрін қамтуды жоспарлап отыр;
  • клиенттік тәжірибені жақсарту және клиенттің айналасында сапалы қызмет құру;
  • комплаенс-тәуекелді тиімді басқару – реттеуші тарапынан қадағалаудың күшеюіне және қайталама санкциялардың сақталып отырған тәуекелдеріне байланысты бұл мәселе банк үшін де стратегиялық маңызды.

Forte жаңа стратегиясында тұрақты дамуға, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқаруға (ESG) ерекше назар аудару жоспарлануда.

«Банк 2023 жылы ESG стратегиясын әзірлеп, тұрақты даму мақсаттарын бекітті. Алдағы жоспарларда – ESG-рейтингін алу (компанияның қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік сала мәселелерін басқару сапасын көрсететін тәуелсіз бағалау)», – деп атап өтті Бекжан Пірматов.

Басқа жаңалықтар: