ForteBank (kz)

Басты бет – Қоржын

«ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстанның жетекші банктерінің бірі болып табылады және банктік қызметтер нарығында 20 жылдан астам табысты жұмыс атқаруда.

«ForteBank» АҚ 20 филиал мен 100-ден астам бөлімшеден тұратын тармақталған филиалдық желіге ие. Сондай-ақ эквайринг құрылғыларының кең желісі де бар, оның ішінде:

Шамамен 20 000 pos-терминал және сауда-сервистік кәсіпорын
Қолма-қол ақша беру пунктінде шамамен 200 pos-терминал
Шамамен 900 банкомат, оның ішінде:
Шамамен 600 cash-in банкомат
300-ден аса cash-out банкомат
200-ден аса өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы

ForteBank-тің 2021 жылдың алты айындағы қаржылық нәтижелері шоғырландырылған қаржылық есептілікке ұсынылған. 2021 жылдың алты айының қорытындылары бойынша ForteBank барлық негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіш бойынша өскенін көрсетті.

Активтер

Активтері 6%-ке өсіп, 2 205 млрд теңгені құрады. Банк Қазақстанның банк секторындағы активтер бойынша 6,5% үлесімен 5-ші орында.

Кредиттер

Кредиттік портфелі 0,6%-ке өсіп, 754 млрд теңгені құрады. Банктің банк секторындағы үлесі 5% құрайды.

Кредиттік портфелінің сапасы жақсарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әдістемесі бойынша қолданыстан шыққан кредиттердің үлесі 01.07.2021 жылғы жағдай бойынша жыл басындағы 7,16%-пен салыстырғанда 6,18%-ті құрады.

Депозиттер
Депозиттік портфель 10%-ке өсіп, 1 527 млрд теңгені құрады, Банктің банк секторындағы үлесі 6%-ті құрады.

Өтімділік деңгейінің елеулі қоры бар, ағымдағы өтімділік коэффициенті К4 (ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы) 185%, норматив бойынша 30% құрайды.

Капитал және пайда
2021 жылдың алты айындағы таза пайда 2020 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2%-ке өсіп, 31,6 млрд теңгені құрады.

Банктің меншікті капиталы 243 млрд теңгені құрады. Капитал жеткіліктілігі коэффициенті K1 (банктің меншікті капиталының тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтеріне қатынасы) шамамен 19% құрады, бұл ретте консервация буферін есепке алғандағы норматив 7,5%-тен жоғары болды.

2017 жылдың негізгі оқиғалар:

Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивтіге» дейін жақсартты;
S&P Global Ratings агенттігі ұлттық шкала бойынша «ForteBank» АҚ рейтингтерін «kzBB»-ден «kzBB+»-ке дейін көтерді. «ForteBank» АҚ рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» көтеруді қарастырды және банк эмитентінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «В/В» деңгейінде растады;
ресейлік Markswebb аналитикалық агенттігі ForteBank-тің мобильді қосымшасын Қазақстандағы №1 және ТМД бойынша үздік 10-ның бірі деп таныды;
«Kazakhstan Growth Forum K17» халықаралық конференциясында ForteBank бизнесті жүргізудегі инновациялық көзқарас үшін «Банктік трансформация» номинациясында «2017 жылдың трансформаторы» сыйлығын жеңіп алды;
ForteBank The Banker нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» атанды;
ForteBank «Global Finance» нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банк болып танылды.

2018 жылдың негізгі оқиғалары:

2018 жылдың наурыз айында «ForteBank» АҚ Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды;
2018 жылдың шілде айында Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ға «тұрақты» болжаммен «В» деңгейіндегі рейтингін берді;
2018 жылдың қараша айында S&P Global Ratings «ForteBank» АҚ болжамын «позитивті» деңгейінде растады;
2018 жылдың қараша айында беделді халықаралық басылым The Banker «ForteBank» АҚ-ға «Қазақстандағы үздік банк» сыйлығын берді;
2018 жылдың желтоқсан айында The International Banker баспасөз басылымы «ForteBank» АҚ-ға «Қазақстанның бөлшек бизнесіндегі ең инновациялық банк» сыйлығын табыс етті.

2019 жылдың негізгі оқиғалары:

2019 жылдың наурыз айында «ForteBank» АҚ Global Finance нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік банк болып танылды;
2019 жылдың маусым айында S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін «В»-дан «B+» деңгейіне көтерді, болжам «Тұрақты»;
2019 жылдың шілде айында Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін «В3»-тен «В1» деңгейіне көтерді, болжам «Тұрақты»;
2019 жылдың желтоқсан айында Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ болжамын «Позитивтіге» көтеруді қарастырды, рейтинг «В» деңгейінде расталды;
2019 жылдың желтоқсан айында «ForteBank» АҚ Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстандағы жыл банкі болып танылды;

2020 жылдың негізгі оқиғалары:

2020 жылдың наурыз айында «ForteBank» АҚ Global Finance халықаралық журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды;
2020 жылдың маусым айында S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін «B+» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты»;
2020 жылдың қараша айында Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ болжамын «Тұрақтыға» көтерді, рейтинг «В» деңгейінде расталды;
2020 жылдың қараша айында беделді халықаралық басылым The Banker «ForteBank» АҚ-ға «Қазақстандағы үздік банк» сыйлығын берді;
2020 жылдың желтоқсан айында Moody’s агенттігі «ForteBank» АҚ рейтингін «В1»-ден «Ba3» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»;
2020 жылдың желтоқсан айында «ForteBank» АҚ Asiamoney нұсқасы бойынша Қазақстандағы жыл банкі болып танылды.

2021 жылдың негізгі оқиғалары:

2021 жылдың сәуір айында «ForteBank» АҚ Global Finance халықаралық журналының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды;
2021 жылдың шілде айында «ForteBank» АҚ беделді халықаралық Euromoney басылымының нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік банкі болып танылды;
2021 жылдың қыркүйек айында S&P Global Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ болжамын «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» дейін жақсартты, ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBBB»-ден «kzBBB+»-ке дейін көтерді және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін «B +/B» деңгейінде растады;
2021 жылдың қыркүйек айында Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ ұзақ мерзімді рейтингін «B»-ден «B+»-ке дейін көтеріп, болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» дейін жақсартты. Ұлттық шкала рейтингі екі сатыға «BB+(kaz)»-дан «BBB(kaz)»-ға дейін көтерілді, орнықтылық рейтингі «b»-ден «b+»-ке көтерілді;

Біз әлеуметтік желілерде:

«Глобал Девелопмент» – Орталық Азиядағы коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы ең ірі және ең танымал жылжымайтын мүлік иелерінің бірі.

Talan Towers кешені мұнараларының бірінде орналасқан The Ritz-Carlton Astana қонақ үйі Қазақстан астанасындағы алғашқы люкс сыныпты қонақ үй.

Салтанатты қонақ үй сәулет өнеріндегі бірегей элементтер, авторлық тағамдар және керемет көріністер арқылы Мәскеудің сұлулығын бейнелейді.

2012 жылдың күзінде ашылған салтанатты бес жұлдызды қонақ үй Австрия астанасының бел ортасындағы XIX ғасырдың тарихи ғимараттарында орналасқан.

Барлық маусымды бес жұлдызды Rixos Borovoe резорт қонақ үйі Шортанды көлінің бойында, Бурабай теміржол вокзалынан 15 км және Астана қаласының халықаралық әуежайынан 287 км жерде орналасқан.

«ForteBank» акционерлік қоғамы Қазақстанның жетекші банктерінің бірі болып табылады және банктік қызметтер нарығында 20 жылдан астам табысты жұмыс атқаруда. «ForteBank» АҚ-ның 20 филиал мен 100-ден астам бөлімшені қамтитын тармақталған филиалдық желісі бар.

RG Gold компаниясы Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан Қазақстанның ең ірі алтын кен орындарының бірі Райгородок кен орнын игеруде. RG Gold жыл сайын Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарында үймелік сілтісіздендіру әдісімен өндірілетін 2 миллион тонна тотыққан кенді өңдейді.

Burger King инвестициялық франчайзингілік жобасы Қазақстанда 2012 жылдың мамыр айында MEGA Alma-Ata ССО-да алғашқы Burger King мейрамханасы ашылғанда бастау алды.10 жылғы жұмысының барысында компания бүкіл Қазақстан бойынша 50 мейрамхана ашты. Бүгінгі таңға Burger King мейрамханалары меймандарын еліміздің 14  қаласында: Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Орал, Қызылорда, Петропавл, Шымкент, Тараз бен Өскеменде қарсы алады.

31 медиа холдингі, 31 канал мен Informburo.kz хабарландыруларының теледидар және интернет-редакцияларын бірлесетті. Медиа холдингі мемлекеттік және дүниежүзіндегі оқиғаларды тез және толықтырылған түрде талқылау, онлайн-қол жетімділігін кеңейту және аудиторияның талаптарын көрсету үшін көптеген ақпараттық мазмұнын өндіру барысында ниеттелген.

Қазақстандағы медиажарнама нарығының ірі операторларының бірі. Қазақстанда қызмет көрсетілетін арналардың жиынтық үлесі 12,5%-ды құрайды (Total Ind., 2021 KANTAR CA Kazakhstan).

Компания Қазақстанда 2007 жылдан бастап жұмыс істейді. Ресейдегі медиажарнама нарығының ірі операторы болып табылатын Регион Медиа компаниялар тобының құрамына кіреді.

«Верный Капитал» VEON халықаралық телекоммуникациялық холдингінің құрамына кіретін «Скай Мобайл» ЖШҚ-ны басқаруға қатысады. Компания 1998 жылдан бері Қырғызстанда ұялы байланыс және интернет қызметтерін көрсетеді. 2009 жылдан бастап «Скай Мобайл» ЖШҚ Beeline брендімен жұмыс істейді және елдің жетекші ұялы операторы болып табылады.

Компания Қазақстанның телекоммуникациялық операторлары арасында клиенттер саны бойынша көшбасшы болып табылады. Ұялы және тұрақты телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, деректерді беру, сымсыз технологиялар негізінде интернетке қол жеткізу, талшықты-оптикалық қол жеткізу, Wi-Fi, сондай-ақ үшінші және төртінші буын желілері қызметтерін ұсынады.

Liveinternet.ru деректері бойынша Қазақстанның ең ірі жаңалықтар сайттарының ҮЗДІК-3 құрамына кіретін мультимедиялық ақпараттық-талдау порталы.