Burger King

IMG

Burger King

Burger King Kazakhstan компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі 

Компанияның қайырымдылық қызметінің басым бағыты балаларға көмек көрсету болып табылады. 2020 жылдың басынан бері Burger King Kazakhstan компаниясы Алматы қаласындағы SOS Балалар ауылының балаларына тұрақты көмек және қолдау көрсету міндеттемесін қабылдады.

Қазақстанның SOS Балалар ауылдары — бұл 25 жылдан астам балалардың мүдделерін, құқықтары мен қажеттіліктерін қорғайтын мемлекеттік емес әлеуметтік ұйым. Ұйымның қамқорлық орталығында отбасысыз және ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылар бар.

Білім — бұл әлеуметтік сатыға көтерілудің ең қолжетімді әдістерінің бірі. Сондықтан, Алматыдағы SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жаңа білім мен дағдыларды алуға көмектесе отырып, Burger King Kazakhstan компаниясы олардың болашақта қоғамның толық құқылы мүшесі болуына қамқорлық жасайды.

Өткен жылы Алматы қаласындағы SOS Балалар ауылында тұратын балаларды «Just Speak It» тіл мектебінде ағылшын тіліне оқыту басталды. Бүгінгі таңда балалар шет тілін меңгерудің негізгі курстарын (I Beginner, II Elementary) аяқтап, III деңгейге – Pre-Intermediate деңгейіне өтті.

Оқытуды қолдаудан басқа компания балалардың дене даярлығына белсенді қолдау көрсетіп, енді олар Алматы облысындағы Таеквон-до Республикалық жаһандық федерациясының залдарында таэквондомен айналыса алады.

Burger King Kazakhstan SOS Балалар ауылында балаларды дамытуға және әлеуметтендіруге бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастырады.

Поделиться
Класснуть