ForteBank

IMG


Қайырымдылық

Жыл сайын банк Бурабайда алты жылдан астам уақыт өтіп келе жатқан Burabike Fest қайырымдылық фестивалінің белсенді қатысушысы және велошеруден түскен қаражат Қазақстанның медициналық мекемелеріне арнайы құрал-жабдық сатып алуға бағытталған.

ForteBank Болат Өтемұратов Қоры мен Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы жобасының төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша серіктесі болып табылады.

Спортты дамыту

ForteBank пен Қазақстан теннис федерациясының жыл сайынғы қайырымдылық бастамасы әуесқой және балалар теннисін дамытуға бағытталған ForteBankOpen турнирі болып табылады.

Заманауи өнер

Банк қазіргі заманғы өнерді танымал етуге елеулі көңіл бөледі. 2016 жылы ForteBank "Құланшы" заманауи өнер орталығымен бірлесіп Kulanshi ArtSpace галереясын компанияның бас кеңсесінде ашты. Галереяда елорда тұрғындары мен қонақтары белгілі қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларынан ләззат алады. Экспозиция әр екі ай сайын жаңартылады. ForteBank жыл сайынғы FORTE MUSIC FEST халықаралық классикалық музыка фестивалінің бас демеушісі болып табылады.

Білім беру

ForteBank және Нархоз университеті жыл сайын Narxoz Challenge емтихандарының топтамасы арқылы дарынды студенттерге білім гранттарын бөледі.

Поделиться
Класснуть