IMG

Beeline Қазақстан

IMG

Beeline Қазақстан – жарқын жақта өмір сүр!

Компания Қазақстанның телекоммуникациялық операторлары арасында клиенттер саны бойынша көшбасшы болып табылады. Ұялы және тұрақты телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, деректерді беру, сымсыз технологиялар негізінде интернетке қол жеткізу, талшықты-оптикалық қол жеткізу, Wi-Fi, сондай-ақ үшінші және төртінші буын желілері қызметтерін ұсынады. Стандартты қызметтер тізбесінен басқа, Beeline көптеген digital-опцияларды ұсынады: цифрлық қаржылық сервистер, Big Data, фискалдық деректер операторы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IoT, сондай-ақ M2M, MDM, E2E шешімдер. Компания Қазақстанда алғашқы болып VoLTE технологиясын тестілеуді бастады.

Reputation Institute беделдік аудитінің нәтижелері бойынша Beeline Қазақстан елдің ең құрметті және әлеуметтік жауапты операторы болып танылды.

Компания 250+ бағдарламасын іске асырады және халқы 250 адамнан басталатын елді мекендерде 3G/4G желісінің белсенді құрылысын жүргізеді.

Оператор бас кеңсесі Амстердам қаласында (Нидерланды) орналасқан VEON халықаралық телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі болып табылады. VEON – телекоммуникациялық және интернет қызметтерінің ғаламдық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam биржаларында сатылады.

Beeline Қазақстан әлеуметтік желілерде:
Facebook

Instagram

YouTube 

Поделиться
Класснуть

Инвестиционные проекты