Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Haileybury Astana мектебінде спорт кешенінің ресми ашылуы өтті

 18 ақпанда Haileybury Astana мектебінде жаңа спорт кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге қамқоршылық кеңесі мен мектеп әкімшілігінің өкілдері және басқа да қонақтар қатысты. Спорт кешенінің ашылуы аясында, Astana QSI Wolves және Haileybury U19s командалары арасында баскетболдан жарыс өтті.

Жаңа спорт кешені Haileybury Astana мектебінің дене шынықтыру факультетінің бөлімшесі болып табылады. Сабақтар үшін қолайлы жағдай жасау және алаңдарды неғұрлым атқарымдық пайдалану мақсатында үлкен жұмыс атқарылды.

Мұнда мектеп оқушыларына арналған жалпы физикалық дайындық және оқу-жаттығу сабақтарына арналған үй-жайлар (футбол, баскетбол, волейбол, бадминтон), душ бөлмелері және киім ауыстыратын бөлмелер бар, спортзал аспалы швед тосқауылдарымен жабдықталған. «Спорт аймағына» жаңа жаттығу жабдығы орнатылады.

Спорт кешенінің жалпы ауданы – 1 851,28 шаршы метр. Сабақтан тыс уақытта мұнда мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізілетін болады.

Басқа жаңалықтар: