Нарықты зерттеу

Басты бет – Нарықты зерттеу

Әлем нарықтары бойынша өзекті ақпарат

2 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілік спреді, жыл ішіндегі серпін, % 31 тамызға
10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілік спреді, жыл ішіндегі серпін, 31 тамызға %

Қазір инвесторлар 2 қыркүйекте жариялануы тиіс АҚШ-тың ауылшаруашылық емес секторындағы жұмыспен қамту туралы мəліметтерді күтуде. Бұрын деректер АҚШ-тағы бос жұмыс орындарының саны шілде айында көбейгенін көрсетті, маусым айындағы деректер жұмыс күшіне деген жоғары сұранысты көрсетіп, мөлшерлемелердің агрессивті өсуіне дəлелдерді қолдай отырып, күрт өсу бағытында қайта қаралды. Трейдерлер қазір Федералды резерв жүйесінің ашық нарықтағы операциялар жөніндегі комитетінің отырысы кезінде 20-21 қыркүйек аралығында 68,5% ықтималдылықпен федералды қор мөлшерлемесін 21 б.т. көтеруді жоспарлап отыр.

АҚШ акцияларының үш негізгі индексі 2015 жылдан бастап тамыз айында ең үлкен айлық пайыздық төмендеуді өткерді. Инвесторлар АҚШ акциялары құбылмалы болып қалады деп күтеді, өйткені қыркүйек айында нарық жаңа деңгейге жақындауы мүмкін деп алаңдайды. АҚШ долларының индексі 29 тамызда тіркелген 20 жылдық 109.48 максимумынан сəл төмен 108.66 ауданда сатылды. Бір ай ішінде АҚШ долларының индексі 2.6%-ға өсті, бұл үшінші ай қатарынан өсуді көрсетеді.

Еуроаймақтағы инфляция шілде айындағы 8.9% көрсеткішпен салыстырғанда тамыз айында 9.1%-ға дейін өсті, бұл электр энергиясы мен азық-түліктің жоғары бағасына ықпал етті. Бұл ретте Германияда инфляция шілде айындағы 8.5%-бен салыстырғанда тамыз айында 50 жылдағы 8.8% максимумға дейін өсті . Үкіметтің қосымша шараларынсыз Германиядағы инфляция 2022 жылдың соңына дейін екі таңбалы санға жетуі мүмкін.

Еуропадағы газ бағасы жоғары деңгейден біршама ауытқуды көрсетті, бірақ бір айда 30%-ға жəне бір жылда 400%-ға жоғары болды. Еуропадағы электр энергиясының жоғары жəне құбылмалы бағалары инфляцияның əлі шыңына жетпегенін көрсетеді.

2 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілік спреді, жыл ішіндегі серпін, % 31 тамызға
10 жылдық қазынашылық облигациялардың кірістілік спреді, жыл ішіндегі серпін, 31 тамызға %