Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Нархоз Университеті QS рейтингтік агенттігінен жоғары баға алды

QS Quacquarelli Symonds халықаралық рейтинг агенттігінің президенті және негізін қалаушы Нунцио Квакварелли

QS рейтингтік агенттігі соңғы 6 айда Нархоз Университеті бойынша QS жүргізген аудит, тексеру және растау нәтижелерін жариялады. Нәтижесінде Нархоз оқу сапасы, инклюзивті орта, жұмысқа орналасу және түлектердің мансаптық болашағы үшін «5 жұлдызды» ең жоғары бағаға ие болды, бұл университетті Central Queensland University (Австралия), City University of Hong Kong, University of Glasgow, Loughborough University (Ұлыбритания) сияқты университеттермен – «5 жұлдыз» иелерімен бір деңгейге қояды. Нархоздың жалпы бағасы – Very Good (5 жұлдыздан 4). 

QS Stars бағдарламасының әдіснамасы бойынша жоғары оқу орындарын бағалау сегіз санаттағы 30 индикатор бойынша жүргізіледі. QS ресми деректеріне сәйкес, әлемде тек 110 жоғары оқу орнында 4 жұлдыз бар. Нархоз QS агенттігінің жоғары бағасына ие болған 111-университет болды. Жаһандық рейтингтен айырмашылығы, QS Stars бағдарламасы аясында аудит жоғары оқу орнының сандық көрсеткіштері ғана емес, сапалық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

«QS Stars әдіснамасы бойынша аудит халықаралық рейтингтік агенттіктің жоғары оқу орнының жұмысын тәуелсіз бағалауы, ал аудит қорытындысы бойынша берілетін жұлдыздар университет сапасының халықаралық танылған белгісі болып табылады», – деп түсіндірді QS өңірлік директоры Сергей Христолюбов.

«QS Stars жоғары бағасы – бұл Нархоз Университетінің даму бағытын дұрыс таңдауының халықаралық дәлелі. Біз білім беру сапасын жетекші халықаралық стандарттарға дейін арттыруға, сондай-ақ жайлы оқыту ортасын құруға және инфрақұрылымды дамытуға, қоғамдастыққа үлесті ұлғайтуға және түлектердің мансаптық болашағын арттыруға бәс тігеміз. Бүгінгі таңда біздің команданың жұмысы үздік шетелдік жоғары оқу орындары деңгейінде жоғары бағаланды», – деп атап өтті Нархоз Университетінің президенті Мирас Дәуленов.

Аудит барысында QS агенттігі тарапынан студенттер мен түлектерге сауалнамалар ұйымдастырылды, университет қызметінің жекелеген көрсеткіштері бойынша үнемі жұмыс кездесулері мен консультациялар өткізілді, ұсынылатын деректерді тексеру және нақтылау жүзеге асырылды.

«Ең алдымен, басшылықты, профессор-оқытушылар құрамын және Нархоз Университетінің барлық студенттерін өте жақсы нәтижемен – QS Stars әдіснамасы бойынша жоғары оқу орнының кешенді аудитінің қорытындысы бойынша алынған 4 жұлдызбен құттықтағым келеді, – деп түсіндірді QS өңірлік директоры Сергей Кристолюбов. – Бұл нәтиже студенттер мен түлектердің сауалнама барысында қолдауымен бірге университет командасының жоғары кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды».

Жоғары оқу орны Нархоз-2030 Тұрақты даму стратегиясы қабылдады, оның негізгі басымдықтары білім сапасы, дарынды студенттер және шынайы әлеммен байланыс болып табылады.

«Аудит университет жұмысының ең күшті жақтары оқыту сапасы, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу перспективалары және білім беру ортасының инклюзивтілігі болып табылатынын көрсетті», – деп атап өтті Сергей Христолюбов.

Халықаралық аккредиттеулер мен рейтингтерге қатысу Нархоз Университетінің стратегиялық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. 2022 жылы университет өз кампусын ауқымды қайта құруды аяқтады, сондай-ақ Times Higher Education Impact Ranking британдық рейтингінде Қазақстанның үздік жеке жоғары оқу орны болып танылды және QS Asia рейтингінде үздік азиялық жоғары оқу орындарымен қатар атап өтілді. Сондай-ақ 2022 жылы университет FIBAA сөзсіз еуропалық институционалдық аккредитациясына ие болды, соның арқасында Нархоз түлектерінің дипломдары қазір бүкіл еуропалық жоғары білім кеңістігінде танылады.

2007 жылдан бастап Нархоз Университетін жүйелі түрлендірумен «Верный Капитал» компаниялар тобы айналысады, ол академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударады. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына кіреді. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына жұмсалады.

Басқа жаңалықтар: