Жаңалықтар

Басты бет — Жаңалықтар

Narxoz Business School MBA бағдарламасы үшінші жыл қатарынан Орталық Азия бойынша бірінші орында

Narxoz Business School (NBS) бизнес-мектебінің MBA бағдарламасы үшінші жыл қатарынан Орталық Азиядағы үздік бағдарлама ретінде танылып, өңірдегі бизнес-мектептер арасындағы көшбасшылығын сақтауда. QS Global MBA 2027 халықаралық рейтингіне сәйкес, бағдарлама Азияның үздік 50 MBA бағдарламасының қатарына енді. Осылайша, ол Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа да елдердегі бірқатар беделді бизнес-мектептерден тағы да озып шықты. QS әлемдік рейтингінде NBS-тің MBA бағдарламасы 251–300 аралығындағы орынға орналасқан.

QS рейтингінде MBA бағдарламалары түлектердің мансаптық жетістіктері, олардың бизнес пен кәсіпкерлік саласындағы табыстары, білім алушылар мен профессорлардың халықаралық құрамы, ғылыми-сараптамалық көшбасшылық, сондай-ақ білімге салынған инвестицияның қайтарымы сияқты талаптар бойынша бағаланады. Бәсекелестіктің күшеюі және жаңа рейтингке енген бизнес-мектептер санының артуына қарамастан, NBS осы бағыттардың барлығы бойынша өз позициясын нығайтып, көшбасшылық орнын сақтап келеді.

Халықаралық беделді компания басшылары, жоғары буын менеджерлер мен кәсіби мамандар үшін бизнес-білім беру бағдарламасын таңдау кезінде маңызды факторлардың біріне айналып отыр. Kolesa Group бас директоры Дмитрий Ботанов үшін Narxoz Business School-да оқу кәсіби білімін тереңдету мен бизнесті басқарудың жаңа тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік берді.

Халықаралық рейтингтердегі нәтижелермен қатар, Narxoz Business School-дың дамуында білім беру бағдарламалары сапасының тәуелсіз бағалануы да маңызды рөл атқарады. 2026 жылы мектеп беделді AMBA және BGA бірлескен аккредитациясына ие болды. Бұл аккредитация әлемдегі бизнес-білім беру саласының үздік 2%-ына кіретін бизнес-мектептердің бағдарламаларын біріктіреді. QS Global MBA Rankings рейтингіндегі нәтижелермен қатар, аталған аккредитация NBS-тің халықаралық беделін нығайтып, шетелдік университеттермен, оқытушылар және бизнес-серіктестермен ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бағдарламаларды жетілдіру жұмысына Narxoz Business School-дың Халықаралық консультативтік кеңесі де үлес қосады. Оның құрамына шетелдік бизнес-мектептер, бизнес-сектор мен кәсіби ұйымдардың жоғары буын басшылары кіреді. Кеңес NBS бағдарламаларын халықаралық тәжірибемен салыстыру, еңбек нарығының өзекті талаптарын талқылау және Қазақстанның іскерлік ортасына тән ерекшеліктерді ескеруге көмектеседі.

Басқа жаңалықтар: