8 сəуірде Ресейдің орталық банкі күтпеген жерден негізгі пайыздық мөлшерлемені 300 б.п. 17%-ға дейін төмендетіп, бұл шешімді 29 сəуірге белгіленген келесі жоспарланған отырыс қарсаңында қабылдады. Ресей экономикасы үшін сыртқы жағдайлар əлі де қиын, дегенмен қазіргі уақытта олар, оның ішінде капитал қозғалысын бақылау бойынша қабылданған шаралардың арқасында күшейе түсті.
РФ ОБ алдағы отырыстарда негізгі мөлшерлемені одан əрі төмендету перспективасын ашық қалдырады. Нарықтың күтуі сəуір айының соңына қарай негізгі пайыздық мөлшерлеме тағы 100-200 б.п. төмендеуі мүмкін. Ресейдегі жылдық инфляция 1 сəуірдегі жағдай бойынша 16,69% құрады, бір апта бұрын 15,66%-дан өсті (ақпан: 9,15%). Ресей Федерациясының Орталық банкі соңғы апталарда рубльдің уақытша нығаюы бағаның ағымдағы өсуінің баяулауына ықпал еткенін атап өтті. Нарықтың күтуіне сəйкес, 2022 жылдың ортасына қарай инфляция 24%-27% шыңына жетуі мүмкін.