Нарықты зерттеу

Басты бет – Нарықты зерттеу

АҚШ-тағы пайыздық мөлшерлемелердің өсуі жəне əлемдік нарықтар үшін салдары

АҚШ федералды қорлары бойынша 30 күндік мөлшерлеме (2022 жылғы желтоқсанға)
АҚШ-тың 2 жылдық және 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі, 2022 жылғы 17 маусымдағы екі жылдағы серпіні

15 маусымда АҚШ Федералды резерві базалық пайыздық мөлшерлемені 75 б.п. арттырды, енді инфляцияның күрт өсуін тежеу үшін оның ауқымы жылдық 1,5%-1,75%-ды құрайды. Соңғы рет американдық Орталық банк 1994 жылы осындай мəнге көтерді. Мамыр айында АҚШ-тағы инфляция күтпеген жерден 8,7%-ға, сəуір айында 8,3%-ға дейін өсті. АҚШ Орталық банкі өсіп келе жатқан инфляция аясында пайыздық мөлшерлемелердің агрессивті өсуін жалғастырады деп күтілуде. ФРЖ фьючерстерімен сауда жасайтын трейдерлер мөлшерлеменің шілде айында 75 б.п. 78%-ға жəне сол айда 50 б.п. 22%-ға өсу ықтималдығын бағалайды.

АҚШ-тың қазынашылық кірістілігі 2022 жылдың соңына дейін мөлшерлемелердің агрессивті өсуін күту аясында 10 жылдық максимумнан асты. Жаһандық инфляцияның өсуі жəне баға қысымының күшеюі əлемнің негізгі орталық банктерінің тиісті пайыздық мөлшерлемелерінің артуына алып келді. 

Жыл басынан бері акциялардың жаһандық қорлары 20%-дан астамға, бұл ретте облигациялардың жаһандық қорлары – 6%-дан астамға қысқарды. Тауар қорларытұрақты болды, өсім>28%.

АҚШ федералды қорлары бойынша 30 күндік мөлшерлеме (2022 жылғы желтоқсанға)
АҚШ-тың 2 жылдық және 10 жылдық қазынашылық облигацияларының кірістілігі, 2022 жылғы 17 маусымдағы екі жылдағы серпіні