Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Бекжан Пірматов ForteBank Басқармасының төрағасы болып тағайындалды

Бекжан Пірматов,
ForteBank Басқармасының төрағасы

ForteBank Директорлар кеңесінің төрағасы Елдар Әбдіразақов Бекжан Пірматовтың басшылығымен Forte командасы бизнестің тұрақты өсуін жалғастыратынына сенім білдірді.

«Forte-дегі жұмысы кезінде Бекжан Пірматов бизнестің барлық негізгі бағыттарына, соның ішінде корпоративтік блокқа, ШОБ-пен жұмыс істеу бағытына, қазынашылыққа, бөлшек сауда сегментіне табысты жетекшілік етті. Оның кәсібилігін, жергілікті және халықаралық қаржы нарықтарындағы терең білімін, көшбасшылық қасиеттерін ескере отырып, Директорлар кеңесі Бекжан Пірматовты Басқарма төрағасы қызметіне бекіту туралы шешім қабылдады», – Елдар Әбдіразақов тағайындауға түсініктеме берді.

Бекжан Пірматовтың банк саласында, оның ішінде HSBC және ЕҚҚДБ сияқты қазақстандық және халықаралық қаржы институттарында 18 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. «Цеснабанк» және First Heartland Jysan Invest басқармаларын басқарды. Forte командасына 2020 жылы Басқарма төрағасының орынбасары ретінде қосылды. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің  (Нархоз Университеті) және George Washington University (АҚШ) түлегі.

Бекжан Пірматов,
ForteBank Басқармасының төрағасы

Басқа жаңалықтар: