Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Бекжан Пірматов: нарыққа мықты әмбебап банк қажет. Бұл Forte

Бекжан Пірматов,
ForteBank Басқарма Төрағасы

Бекжан Пірматов, ForteBank Басқарма Төрағасы:

Отбасындағы тәрбие мен білім табысты қызметтің негізін қалайды. Бала күнімізден бізді әрқашан білімге ұмтылуға және адами құндылықтарға сүйене отырып, өз жолымызбен жүруге үйретті.

Мен қазақстандық, сондай-ақ HSBC және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі сияқты халықаралық қаржы институттарында кәсіби тұрғыда өстім. Сол жинаған тәжірибемді қазір күнделікті жұмысымда қолданамын. Мен алғаш рет 2018 жылы коммерциялық банк басқармасының мүшесі болдым, содан кейін 2019 жылы басқарма төрағасы болып сайландым. ForteBank-ке мен 2020 жылы басқарма төрағасының орынбасары болып келдім, содан бері іс жүзінде барлық бағыттарға – корпоративтік блок пен ШОБ, қазынашылық пен бөлшек бизнеске жетекшілік еттім.

Топ-менеджменттегі өзгерістер ForteBank стратегиясының өзгеруіне әкеп соқпайды. Директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері таңдалған бизнес-модель өзінің орнықтылығын дәлелдегенін жақсы түсінеді, соңғы 3-4 жылда бізде барлық көрсеткіштер, оның ішінде табыстылық бойынша көрсеткіштер тұрақты өсуде, ал қаражатты басқару саясаты сыртқы қауіптерді оңай еңсеруге мүмкіндік береді, бұны депозит ашатын клиенттер санының артуынан байқауға болады.

Бекжан Пірматов,
ForteBank Басқарма Төрағасы

Басқа жаңалықтар: