IMG

31 арна

IMG

Ұлттық жабыны бар, бүкіл отбасыға арналған — мейірімді, күлкілі, қауіпсіз қазақстандық ойын-сауық телеарнасы қазіргі заманғы қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

31-арна ұлттық телерейтингтің ҮЗДІК-5-нде тұрақты орын алады және жұмыс әрі демалыс күндері праймда әрдайым көшбасшы.

31-арна желісінің негізінде — жоғары сапалы мелодрамалық және комедиялық хикаялар, премиум кинофильмдер көрсетілімі және өз өндірісіндегі бағдарламалар.

31-арна — ойын-сауық шоу саласында форматтық және жеке әзірлемедегі көпшілік мойындаған тренд беруші: қазіргі уақытта арна кітапханасында үш жүзден астам түпнұсқа өнімдер бар. Бұл — дарындар шоуы, реалити, музыкалық жобалар, консьюмерлік бағдарламалар, телеойындар, ақпараттық-публицистикалық өнімдер және, әрине, көрермендер көңілінен шыққан ситкомдар. 31-арнаның арсеналында алты елде 200 миллион көрерменді топтастырған I'm a singer Kazakhstan сияқты орасан зор шоу; тікелей эфирдегі «Кел, татуласайық!» үш сағаттық шоуы, «Неге» талдамалық-саяси шоуы, «Бала Battle» балалар ойын-сауық шоуы бар.

Арнаның ойын-сауық сипатына қарамастан, 31-арна ақпараттық жанрда өз орнын жоғалтпайды: күнделікті ақпараттық «Информбюро» бағдарламасы бәсекелестер арасында көшбасшы болып, жиырма жыл бойы елдің басты жаңалықтарымен таныстыруда.

2021-2022 жылғы жаңа маусымда 31-арна өзінің тұрақты көрермендерін қуантатын және жаңа аудитория үшін қызықты болатын бірқатар танымал премьера мен өз өндірісіндегі шоу дайындайды.

2021 жылы Құрманбек Жұмағали 31-арнаның бас директоры болып тағайындалды.

31-арна әлеуметтік желілерде:
Facebook 

Instagram 

YouTube

Поделиться
Класснуть

Инвестиционные проекты