IMG

The Ritz-Carlton, Astana

IMG

Talan Towers кешені мұнараларының бірінде орналасқан The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйі Қазақстан астанасындағы алғашқы люкс сыныпты қонақ үй болып табылады. Қонақ үй келушілерге заманауи астанаға керемет панорамалық көрініс ашылатын 157 кең бөлме мен люкс ұсынады.

Қонақтар іскерлік кездесулер, салтанатты және ресми іс-шаралар өткізу үшін конференц-қабатты жоғары бағалайды. Клуб қонақ бөлмесі, сәнді СПА және толық қызметтер жиынтығын ұсынатын фитнес-орталық, тіпті, ең талғампаз келушілерді бей-жай қалдырмайды. Қонақ үйдің Mökki бас мейрамханасы күні бойы қонақтар үшін қызмет етеді – таңертең тамаша таңғы ас, түскі уақытта бизнес-ланчтар беріледі, кешкілік гастрономиялық кешкі астар мен дегустациялар өткізіледі, ал демалыс күндері жайбарақат таңғы ас пен дәстүрлі бранчтар қолжетімді. Dom Pérignon тобынан Roof Top мейрамханасы Talan Towers кешенінің төбесінде орналасқан – бұл ерекше оқиғаларға арналған талғампаз кеңістік романтикалық кештер немесе жақын адамдармен кездесулер үшін өте ыңғайлы. Қонақтар қаланың таңғажайып панорамалық көрінісін тамашалап, ерекше шампан бөтелкесімен эксклюзивті кешкі астан гастрономиялық ләззат ала алады.

Орталық Азия мен Еуропа дәстүрлерінің тамаша үйлесімі The Ritz-Carlton, Astana қонақ үйін қаланың ең танымал символдарының қатарына қосады. Бұл жерде Қазақстан астанасының басқа бес жұлдызды қонақ үйіндегі тәрізді жайлылық пен сән-салтанат құру өнері кемеліне жеткен. Talan Towers талғампаз кешенінің биіктігінде қонақтар қаланың панорамалық көріністерін тамашалап, әсем нөмірлердің жайлылығын, СПА-процедуралардың қалпына келтіруші әсерін сынап, керемет гастрономиялық жаңалықтар аша алады.

The Ritz Carlton, Astana-ның әлеуметтік желілердегі аккаунттары: Instagram, Facebook 

Поделиться
Класснуть

Инвестиционные проекты