Нарықты зерттеу

Басты бет – Нарықты зерттеу

Әлем нарықтары бойынша өзекті ақпарат

АҚШ Федералды резервтік жүйесі жиналысының хаттамалары мөлшерлемелердің одан əрі өсуі күтілетінін көрсетеді, бірақ мөлшерлемелердің өсу қарқыны баяулауы мүмкін. Шілде хаттамалары болашақ тарифтердің өсу қарқыны келешекте айтылатын мəліметтерге байланысты болатындығын көрсетеді. Инфляция маусым айында 8,5%-ға, мамыр айында 9,1%-ға дейін төмендеді. АҚШ экономикасының кейбір салалары, əсіресе тұрғын үй кредит шарттарының күшейтілуіне байланысты баяулай бастады. Алайда, еңбек нарығы мықты болып, жұмыссыздық деңгейі рекордтық төмен деңгейде қалды.

10 жылдық облигациялардың эталондық кірістілігі хаттамалар жарияланғаннан кейін бірден 2 б.т., ал 2 жылдық облигациялардың кірістілігі 5 б.т. төмендеді. Алайда, күннің аяғында 10 жəне 2 жылдық облигациялардың кірістілігі жоғары болды: сəйкесінше 2,894% жəне 3,293%. 17 тамызда қазынашылық облигациялардың кірістілік қисығының инверсиясы -39,29 б.т. құрады.

Ұлыбританияда инфляция шілдеде маусым айындағы 9,4% көрсеткіштен 10,1%-ға дейін өсіп, 1982 жылғы ақпаннан бергі ең жоғары деңгейге жетті жəне 9,8%-ды құраған нарықтық күтулерден асып түсті. Англия банкі Ұлыбританиядағы инфляция қазан айында үй шаруашылықтары үшін реттелетін энергия жеткізгіштерінің бағасы өскен кезде 13,3%-ға жетеді деп болжайды. Ұлыбритания экономикасының қысқаша сипаттамасы: қызмет көрсету, өндіріс жəне құрылыс салаларының төмендеуіне байланысты ЖІӨ маусым айында 0.6%-ға төмендеді.

Еуроаймақтың экономикалық өсуі тұрақты болды: ЖІӨ өсімі 2022 жылдың 2-тоқсанында 3,9% ж/ж жəне 0,6% т/т құрады. (2022 ж. 1-т.: 5,4% ж/ж жəне 0,5% т/т), бұл 4,0% ж/ж жəне 0,7% т/т бұрынғы ресми бағалардан сəл төмен. Жұмыспен қамту 2022 жылдың 2-тоқсанында 2% ж/ж жəне 0,3% т/т өсті. Нарық 2022 жылдың 2-тоқсанында өсудің соңғы тоқсаны болады деп күтеді, жоғары инфляция мен жеткізілім тізбегіндегі проблемалар келесі 12 айда Еуроаймақтың қалыпты құлдырауына əкелуі мүмкін.

Əлемдік мұнай бағасы жаһандық өсу алаңдаушылығына байланысты 6 айлық минимумға жеткеннен кейін 1,5%-ға өсті, алтынның спот бағасы тұрақты болып қалды.