Мектебімізге Халықаралық аккредиттеу және рейтинг агенттігінің сарапшылары мектепке келіп, 2023 жылдың 15-17 қарашасы аралығында институционалдық аккредиттеуді жүргізіп өтті.
Аккредиттеу барысында сарапшылар мектеп қызметіне жан-жақты баға берді. Сарапшылар Жоғары және Бастауыш мектептердің сабақтарына қатысып, мұғалімдермен, оқушылар кеңесімен және ата-аналар өкілдерімен кездесті. Олар мектеп құжаттарын, стратегиялық жоспар мен есептерді зерттеуге арнайы уақыт бөлді.
22 желтоқсанда Астанада агенттіктің Аккредиттеу кеңесінің отырысында мектебімізді 7 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім қабылданды. Бұл аккредитациядан өту мектептің әлемдік деңгейдегі сапалы білім беретінін және білім беру қызметінің барлық стандарттарына сәйкес келетінін растайды.