Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Райгородок елдегі ең ірі алтын кен орындарының біріне қалай айналды

Райгородок – Ақмола облысының Бурабай және Бұланды аудандарында орналасқан Қазақстандағы ең ірі алтын кен орындарының бірі. Бір кездері кен орны небәрі бес жыл жұмыс мерзімімен шағын болып саналды. 

2014 жылы RG GOLD өнеркәсіптік кәсіпорнын құра отырып, «Верный Капитал» компаниялар тобы келісімшарттық аумақты өңдеу құқығына ие болды. Осы сәттен бастап кен орны тарихында жаңа кезең басталды: заманауи жабдықтарды сатып алу, ұсақтау-сұрыптау кешенінің қуатын кеңейту, кәсіби команданы дамыту, геологиялық барлауға инвестициялар және кен орнының ресурстық әлеуетін арттыру. 

Геологиялық барлауға салынған инвестициялар Райгородокқа көз алдында «өсуге» мүмкіндік берді, келесі жылдан бастап мұнда жылына 6 тоннаға дейін алтын өндіру жоспарлануда. 

Басқа жаңалықтар: