Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Ықпал ету рейтингі: неліктен Нархоз елдің ең жақсы жеке университеті деп аталды

Times Higher Education Impact Ranking нұсқасы бойынша Нархоз университеті Қазақстанның ең үздік жеке жоғары оқу орны болып танылды.

2022 жылы Нархоз университеті Times Higher Education Impact Ranking британдық рейтингінің нұсқасы бойынша Қазақстанның ең үздік жеке жоғары оқу орны болып танылды. Бұл – БҰҰ мойындаған, мақсаты жоғары оқу орындарының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес дамуын бағалау болып табылатын университеттердің әлемдегі жалғыз рейтингі. Осындай мақсаттардың барлығы – 17, оларды 2015 жылы  БҰҰ Бас Ассамблеясы қоғамның әл-ауқатын жақсарту және планетамызды қорғау үшін елдерге үндеу ретінде қабылдады.

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру Нархоз университетінің миссиясымен үйлеседі: «Адамдарды шабыттандыру, білім алуға, экономикалық, құқықтық, технологиялық және әлеуметтік өзгерістердің сапасын арттыратын заманауи құзыреттілікке үйрету». 2023 жылы Нархоз университеті рейтингте жаңа позицияларға көтерілмекші, бұл үшін оның маңызды мүмкіндігі бар.

«Рейтингтер біздің университет үшін ешқашан өз алдына мақсат болған емес, – деп сенімді Нархоз президенті Мирас Дәуленов. – Олар әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнын құру жөніндегі күш-жігердің нәтижелерін ғана көрсетеді және біз жоғары деңгейде мойындауға ие болғанымызға қуаныштымыз».

Басқа жаңалықтар: