Биыл RG Gold алтын өндіруші компаниясы өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Мерейтойлық күннің аралық қорытындысын шығара отырып, біз компания өкілдеріне бизнес, технология және өнім туралы емес, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы сұрақтар қоюды шештік.
Елдің тау-кен өнеркәсібінде жиі жауапты өндіріске көшу және әлеуметтік жобаларға көбірек көңіл бөлу туралы айтылады. Бірақ бұл шындығында қалай жұмыс істейді? Тау-кен өндіруші компаниялардың қарапайым қазақстандықтарға көмегі қаншалықты тиімді? Бұл туралы Orda.kz порталына RG Gold компаниясының мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басшысы Қадіржан Дауталин айтып берді.
– Қадіржан Аманғалиұлы, RG Gold компаниясы әлеуметтік жобалармен қаншалықты белсенді айналысады?
– Біздің компания жыл сайын 100 млн теңгеге жуық сомаға әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Біз жергілікті тұрғындармен және әкімдік өкілдерімен үнемі кездесулер өткіземіз, өңірдің әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал ететін болашақ инвестициялардың әлеуетті бағыттарын талқылаймыз. Бізде әлеуметтік жобалардың алуан түрлі портфелі бар: оған Николаевка және Успеноюрьевка ауылдарындағы мектептерді жөндеу, Щучинск қаласында Даңқ аллеясын қайта жаңарту, мектептердің үздік түлектеріне жоғары оқу орындарында оқуға білім беру гранттары, мектептер мен шағын орталықтарды материалдық-техникалық жарақтандыру, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек кіреді. Бұл біздің барлық жобаларымыз емес.