Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Нархоз студенттері Russel Group британдық үздік жоғары оқу орнының дипломын ала алады

Нархоз Университеті Queen’s University Belfast-пен қосарлы диплом туралы шарт жасасқан Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы университет болды.

Нархоз Университеті және Ұлыбританияның ең көне жоғары оқу орындарының бірі Белфасттағы Королева Университеті (Queen’s University Belfast) Лондондағы Bett 2024 халықаралық білім көрмесінің алаңында институционалдық серіктестік және қосарлы диплом туралы тарихи келісім жасасты. Келісімнің негізінде – Нархоз Университетінің Экономика және менеджмент мектебі мен Королева Университетінің Бизнес мектебі арасында қол жеткізілген уағдаластықтар бар. 

1845 жылы Белфастта негізі қаланған Королева Университеті – QS World University Rankings 2024 нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде 202-орынды иеленетін Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның әйгілі жоғары оқу орындарының бірі. Университет атақты түлектерімен танымал, олардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.

Келісімге Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, Ұлыбританияның парламенттік мемлекеттік хатшысының орынбасары және экспорт істері министрі лорд Малкольм Оффордтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Мағжан Ілиясовтың қатысуымен қол қойылды. 

Басқа жаңалықтар: