Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

Қосшыда бір жарым мың оқушыға арналған жаңа мектеп-гимназия ашылды

1 қыркүйекте Ақмола облысының Қосшы қаласында Болат Өтемұратов қоры «Верный Капитал» компаниясымен серіктесіп салған жаңа жалпы білім беретін мектеп-гимназия ашылды. Мұнда екі ауысымда 3000 оқушы оқиды.

Қайырымдылық жобасының құны 7,5 млрд теңгені құрады. Бұл – Қазақстандағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттарына сәйкес келетін алғашқы мектеп. Ол бір жыл ішінде салынып, мемлекет меншігіне тегін, өтеусіз берілді.

Қала тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтаған Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев: «Біз Болат Өтемұратов қорына білім беру саласын дәйекті қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз және жаңа мектептің балаларға өз әлеуетін барынша ашуға көмектесетініне, жас таланттарды көбірек тартатынына сенімдіміз. Жаңа мектепті пайдалануға беру біздің Қосшы қаласында үш ауысымды оқыту мәселесін толық шешуімізге мүмкіндік берді», – деді.

Басқа жаңалықтар: