Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

RG Gold Ақмола облысының жастарына 11 білім грантын ұсынды

Грант бүкіл мерзімге оқу ақысын және мөлшері студенттің үлгеріміне байланысты болатын ай сайынғы шәкіртақыны қамтиды. Сонымен қатар, грант иегерлері оқу аяқталғаннан кейін бірден компанияға жұмысқа орналасады және бірінші курстан кейін өндірістік тәжірибені бастай алады.

Білім беру гранттарынан басқа, RG Gold өңірдің дамуына жүйелі негізде үлес қосуда: қызметкерлерді жалдау кезінде жергілікті мамандарға артықшылық береді, жергілікті кәсіпкерлерден шаруашылық-тұрмыстық тауарлар мен қызметтерді сатып алады, кен орны маңындағы ауылдарды абаттандыруға инвестиция салады. 2015 жылдан бері компания әлеуметтік және қайырымдылық жобаларына 1,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді.

Басқа жаңалықтар: