Жаңалықтар

Басты бет – Жаңалықтар

RG Gold алтын өндіруші компаниясы МАЙНЕКС Қазақстан 2023 тұрақты даму стратегиясын таныстырды

19-20 сәуірде елордада «Ұлттық даму игілігі үшін жер қойнауын пайдалану» тақырыбында 13-ші МАЙНЕКС Қазақстан тау-кен-геологиялық форумы өтті. Форумдағы орталық бағыттардың бірі ESG, жасыл трансформация және қоршаған ортаны қорғау мәселелері, тау-кен металлургия кәсіпорындарында тұрақты дамуға жәрдемдесу жөніндегі басқа да бастамалар болды. Биылғы жылы форум көпжылдық рекордты жаңартып, қатысушылардың жалпы саны әлемнің 30 елінен 700 адам мен 90 компанияны құрады.

Ақмола облысындағы Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарын игеріп жатқан RG Gold компаниясы тұрақты даму стратегиясымен және алтын өндіретін кеніште ESG қағидаттарын енгізу тәжірибесімен бөлісті.

«Өнеркәсіптік кәсіпорындар — бұл үлкен бизнес туралы ғана емес, үлкен жауапкершілік туралы. Ресурстық базаның алдында да, өз өмірін кәсіпорынмен байланыстырған немесе жай ғана сол қалада тұратын және кәсіпорынның жетістіктерін бірінші адамнан бақылайтын адамдардың алдында да. Дәл осы жауапкершілік біз үшін жергілікті ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттарға сәйкес RG Gold компаниясында тұрақты даму қағидаттарын енгізудің қозғаушы күші болды. Осылайша, біз өзіміз үшін БҰҰ-ның 17 жаһандық ТДМ қатарынан тұрақты дамудың 11 басым мақсатын айқындадық», – деп атап өтті компанияның бас директоры Лоуренс Россоу.

2022 жылы RG Gold жылына бес миллион тоннаға дейін кен өндіретін жаңа тау-кен металлургия кешенін іске қосты. ТМК жобалау сатысында компания қоршаған ортаға шығарындылардың нөлдік деңгейі қағидатын ұстанды. Бүгінгі таңда кәсіпорында цианид халықаралық талаптарға сәйкес залалсыздандырылады. 

Сондай-ақ, компания Нархоз Университетінің зерттеу орталығымен бірлесіп жасылдандыру жобасының басталуы туралы ақпаратпен бөлісті. Ағымдағы жылы кеніштің айналасында фитотозаңтұту тұжырымдамасын қолдану арқылы кен орнындағы шаң әсерін азайту үшін ағаштар мен бұталар отырғызылады. 

Егер корпоративтік басқару туралы айтатын болсақ, онда RG Gold барлық қызметінде ашықтық қағидатын ұстанады: сатып алу, песоналды жалдау, кез келген шешім қабылдау, қаржылық мониторинг, олармен қарым-қатынас орнатқанға дейін контрагенттерді тексеру Компанияның корпоративтік құндылықтарына сәйкес жүргізіледі. Тоқсан сайын барлық қызметкерлердің бас директормен жиналыстары өткізіледі, компанияның құндылықтары, әдеп кодексі бұзылған жағдайда жүгінуге болатын «қызу желі» енгізілді.

Компанияда әлеуметтік жобаларға ерекше назар аударылады. Жыл сайын жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылады, өңірдің дамуы мен абаттандырылуына үлес қосылады.

RG Gold әлеуметтік бастамалар портфелінде ауылдың шағын мәселелерін де, тұрғындар үшін өте маңызды мәселелерді де шешу, су мұнарасын салу, мектептерді күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау, балалар мен спорт алаңдарын салу, автомобиль жолын ағымдағы жөндеу, мобильді станция орнату, білім беру гранттарын бөлу, жұмысқа орналастыру бар. Қызметкерлер құрамын жалдау кезінде жергілікті тұрғындарға артықшылық беріледі және күн сайын кен орнына жақын ауылдардан қабылданған жұмысшылар саны артып келеді, сондай-ақ комания өңірде ШОБ дамуына өз үлесін қосуда.

Тұрақты даму қағидаттарын ұстану, компанияның бір кездері шағын Райгородок кен орнының әлеуетін ашуға қосқан үздіксіз үлесі елдің тау-кен өнеркәсібінің, сондай-ақ бүкіл қатысу аймағы әл-ауқатының айтарлықтай дамуына әкеледі.

Басқа жаңалықтар: